Қазақстандықтар жиі ұшатын болды
Сурет: Zakon.kz
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында әуе көлігімен 3,6 млн адам тасымалданған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,7% көп, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осы кезеңде жолаушылар айналымы 5 877,1 млн километр болды. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20% жоғары.Ұлттық статистика бюросы
Бұл ретте, ұшаққа жиі мінетін әуе жолаушыларының негізгі үлесі Алматыға тиесілі – 2,5 млн жолаушы.
Кәсіпорындардың жолаушыларды тасымалдаудан түскен кірісі 157 650 миллион теңге болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript