Талдықорған маңындағы өзен жағасынан майға ұқсас зат табылды

Мұнайға ұқсас зат табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2022 15:40 Сурет: Instagram/depecoalmobl
Талдықорған қаласының Өтенай ауылдық округінен 12-13 шақырым қашықтағы Қаратал өзенінің жағасынан белгісіз зат табылды. Бұл туралы Алматы облысы Экология департаменті мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Лучкин А.П есімді азамат Алматы облысына келіп, белгісіз затты байқап, видео түсірген. Ол видеожазбаны 27 маусымда облыстық экология департаментіне тапсырған.

Содан кейін Алматы облысы бойынша Экология департаменті мамандары, Талдықорған қалалық прокуратурасының бөлім прокурорымен, Талдықорған ҚПБ ЖҚПБ ТҚТ қызметкерімен, Өтенай ауылдық округ тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысымен, Балхаш-Алакөл облысаралық бассейіндік балық шаруашылық инспекциясы Қаратал бөлімінің инспекторымен, қалалық төтенше жағдай бөлімінің азаматтық қорғау тобының қызметкерімен бірлесіп тексеруге шықты.

Зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің мамандары Қаратал өзенінің жағалауынан су сынамасын алды. Төгіліп жатқан сұйық майға ұқсас зат сияқты көрінді.

Қылмыскерді анықтау мақсатында полициямен бірлесіп жедел-іздестіру шарасы жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: