Есмағамбетова КВИ-ға шалдығушылардың өсімі жайлы: Әзірге шектеулер туралы сөз жоқ
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова елімізде коронавирус инфекциясына өсіміне қатысты түсінік берді. Оның айтуынша, негізінен ауруды вакцина алмаған азаматтар жұқтырып алып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Маусым айының ортасынан бастап коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіштерінің артып келе жатқаны байқалады. Ақырын-ақырын қарқын алған COVID-19 жұқтырғандар саны күнделікті 50 жағдайға жетіп, соңғы тәулікте 110 дерек анықталды. Егер бір аптадан келесі аптадағы көрсеткішті салыстырсақ, өсім 3,6 есе өскен. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова
Оның айтуынша, індетке шалдығу жағдайларының басым көпшілігі Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қарағанды облысында тіркеліп жатыр.
Осы жағдайларды эпидемиологиялық зерттеу барысында біз олардың 80% вакцина алмаған немесе соңғы вакцинадан, яғни ревакцинациядан алты айдан астам уақыт өткен адамдар екенін анықтадық. Қазір барлық шектеу шаралары алынып тасталды. Бірақ, соған қарамастан, елде вакциналау және ревакцинация ісі тоқтатылған жоқ. Бүгінгі таңда бірінші компонентпен барлық халық санының 56% егілді. Ревакцинация науқаны да жалғасуда: шамамен 4,8 миллион халық егілді, бұл - барлық адамдардың 68% - ы. Айжан Есмағамбетова
Сонымен қатар, ол елдегі эпидемиологиялық жағдай нашарлап бара жатқанын тағы да атап өтті. Бірақ, соған қарамастан, карантиндік шараларды енгізу туралы әлі мәселе көтерілмеген.
Әзірге, біз қандай да бір қосымша немесе жаңа шектеу шараларын енгізу туралы мәселе көтеріп отырған жоқпыз, өйткені барлық өңірлер бұрынғысынша "жасыл", қауіпсіз аймақта қалып отыр. Бірақ Нұр-Сұлтан мен Алматы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "сары" аймаққа жақындап келеді. Айжан Есмағамбетова
Алдында өткен тәулікте COVID-19 жұқтырған 110 қазақстандық анықталғаны хабарланған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript