Алматы облысында 3 млн га жайылымдық жер нысанға сай пайдаланылмаған
Сурет: unsplash
Алматы облысында биыл 310,5 мың га жайылымдық алқап нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмағаны анықталса, жалпы 2019-2021 жылдар аралығында барлығы 3,25 млн га жайылымдық жер нысанға сай пайдаланылмаған. Бұл туралы Алматы облысының прокуратурасы мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қадағалау актілерін қарау нәтижелері бойынша 2019-2021 жылдары және жыл басынан бері барлығы 360,7 мың га жайылым қайтарылса, 1,13 млн га жайылым ауылшаруашылық айналымға қайта енгізілді, яғни иелері жерді қолдана бастады.Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі
Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, жүргізілген жұмыс нәтижесінде пайдаланылмай жатқан жайылымдар 3,25 млн гектардан 1,75 млн гектарға дейін азайды.
Облыстық прокуратура жергілікті атқарушы органдарға 48 қадағалау актісін енгізіп, 49 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, заңсыз берілген көлемі 15,9 мың га жайылым мемлекет меншігіне қайтарылды.Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі
Облыстық прокуратураның хабарлауынша, жергілікті атқарушы органдар жалпы облыс бойынша жеке аулаларда мал жаю үшін алаңы 1,18 млн га жайылымдық жер бекітсе, соның ішінде 76%-ы (892,5 мың га) прокурорлық қадағалау актілері негізінде іске асты.
Мал санын ескере отырып, халық мұқтаждығын қанағаттандыру үшін тағы 1,7 млн га жайылымдық алқаптарды бекіту қажет, осы мақсатта прокуратура органдарының бастамасымен жекелеген әкімдіктер мемлекет мұқтажы үшін жайылымдарды алу рәсімдерін бастады. Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript