Дүйсенбіде Қазақстанның кейбір өңірінде +45 градусқа дейін күн ысиды
Нұр-Сұлтанда таңертең және күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Түнде Ақмола облысының шығысында, күндіз солтүстігі, шығысы, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Ақтөбе облысында 42 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.
Күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде 43-45 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.
Күндіз Атырау облысында 39 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыстың шығысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында сынап бағаны 35-37 градус аптап ыстықты көрсетеді.
Павлодар облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Павлодарда солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз найзағай ойнаған кезде екпіні 16 м/с жетеді.
Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады деп болжанады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыс орталығында соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.
Таңертең және күндіз Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз оңтүстікте, шығыста соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді, күндіз батыста, облыс орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 38 градусқа дейін қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында – төтенше өрт қаупі бар. Оралда күндіз 35 градус ыстық болады.
Күндіз Жетісу облысының орталығында, солтүстігінде және таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай ойнағанда екпіні 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с жетеді.