Қазақстандықтар көпқабатты үйден баспана алғанды жөн көреді
Мәмілелердің саны бойынша Алматы және Нұр-Сұлтан көш бастап тұр. Сәйкесінше тұрғын үй сату-cатып алу бойынша 4 410 және 3 850 мәміле осы қалаларда жасалған. Барлық транзакцияның ең азы Солтүстік Қазақстан облысында жүзеге асырылған, барлығы – 686.
Бұл ретте өткен аймен салыстырғанда Шығыс Қазақстанда (-11%), Атырауда (-9,1%), Батыс Қазақстанда (-7,4%), Қарағандыда (-5,4%) және Маңғыстауда үй сатып алу, сату саны төмендегені байқалды. (-4,3%).
Қазақстандықтар көпқабатты үйлерден баспана алғанды жөн санайды. Маусым айында барлығы 21 388 транзакция жасалған. 2 бөлмелі пәтерлер әлі де сұраныста. Маусымда 8,2 мың 2 бөлмелі пәтердің, 7,4 мың 1 бөлмелі пәтердің құжаты рәсімделген.
Жеке үйлер бойынша 9 631 мәміле жасалды. Алматы мен Түркістан облысының тұрғындары жеке үйлерді көбірек ұнатқан.
2022 жылғы маусымда тұрғын үйді сатып алу-сату операцияларының саны өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 42,6% азайды.
Тұрғын үй нарығындағы мәмілелердің ең көп төмендеуі Атырау облысында тіркелді: былтырғы маусыммен салыстырғанда 64,8%.