Елімізде жыл сайын 1,5 млн текше метр ағаш кесіледі
Әсіресе қысы қытымыр, көгілдір отынмен қамтылмаған теріскей тұрғындары осы бастан жылыту маусымына қамданып жатыр. Шал ақын ауданындағы Ақсу ауылының тұрғындары елді мекен іргесіндегі қайыңның 15 жылдан бері жөн-жосықсыз кесіліп жатқанына шағымданды.
Көпшіліктің айтуынша соңғы жылдары тұтас ормандар жойылып жатыр, деп жазады qazaqstan.tv.
Жаппай кесу 10-15 жылдан артық болмаса, кем емес. Бұл алаңдатарлық жағдай. Себебі өскелең, біздің болашақ ұрпағымызға не қалады? Шығуын шығады, отаған, кескен жерлер. Бірақ бұған бір адамның ғұмыры керек. Асхат Жылқайдаров, Ақсу ауылының тұрғыны
Ақ қайыңдар өлкесі аталатын Солтүстік Қазақстанда 546 мың гектар орманды алқап бар. Орта есеппен 6 мыңнан астам гектары жыл сайын отынға және өндірістік мақсатқа кесіледі. Ал егілетіні 1 мың гекатарға жетпейді.
Қазір заңды тұлғалар бір текше метр қайыңды жаздырып алу үшін 2900 теңге төлейді. Отын дайындаушылар оны кем дегенде 10 мың теңгеге сатады. Яғни, еселеп пайда табады.
92 куб жаздырып алдым. - 92 кубты не істейсіз? - Бір мәшинесін сатамыз ғой біз. 55 мыңнан сатып жатырмыз. - Неше текше метр бар бір машинада. - Бес. Жанболат Қожақпаров, Ысқақ Ыбыраев ауылының тұрғыны
Қазақстан ағаш қоры аз мемлекеттердің қатарында. Ел аумағының 5 пайызы ғана орманды алқап. Сондықтан оны бей-берекет отау кім-кімді болсын қынжылтады.
Орман шіри бастағанда талап бойынша оны кесу керек. Орманшылар тұтынушыларға өздері қалаған жерден ағаш бере алмайды. Шал ақын ауданындағы жұмыс жоспарға сай жүргізіліп жатыр. Биыл өңірде 55 мың текше метр ағашты игеру жоспарланған. 30 пайызы орындалды. Қайролла Байтеңізов, Облыстық табиғи ресурстар басқармасы бөлімінің бас маманы
Соңғы үш жылда теріскейде жер асты суларының көтерілуінен 17 мың гектар алқап қайың шіріп кеткен. Бұл үрдісті қолмен тоқтату мүмкін емес деген құзырлы органдар, әзірге шарасыз отыр.