FlyArystan ішкі бағыттар бойынша Оралға ұшатын рейстерін тоқтатады

Орал, FlyArystan , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2022 17:37 Сурет: Zakon.kz
1 тамыздан бастап Орал қаласының әуежайында операциялық шектеулердің енгізілуіне байланысты FlyArystan ішкі бағыттар бойынша Оралдан немесе Оралға орындалатын рейстерін тоқтатуға мәжбүр. Бұл туралы әуекомпанияның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл өзгерістер Орал әуежайының ұшақтың жүру жолағы мен перронның жасанды жабынына түсетін жүктемелерге қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр. FlyArystan әуекомпаниясының баспасөз қызметі

Әуекомпания жолаушыларға билет құнын толықтай қайтаруды немесе басқа ішкі бағыттар бойынша тегін қайта брондауды ұсынады.

Қайта брондау/қайтаруды қалай жасауға болады:

  • егер билет онлайн агенттікте/кассада/туристік агенттікте сатып алынған болса, билетті сатып алу орны бойынша хабарласу қажет.

    Толық қайтару билетті сатып алған жерде ресімделуі тиісті:

  • FlyArystan мобильді қосымшасында немесе flyarystan.com сайтында «Брондау және брондауды өзгерту» бөлімінде – «Брондауды өзгерту»;

  • егер билет онлайн агенттікте/кассада/туристік агенттікте сатып алынған болса, билетті сатып алу орны бойынша хабарласу қажет.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: