Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 117 469 теңге болды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, зейнетақы, зейнеткер, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2022 10:23 Сурет: Zakon.kz
1 шілдедегі жағдай бойынша еліміздегі зейнеткерлер саны 2 млн 247 мың адамға жетті. Оларға 1,4 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
2022 жылғы маусымда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 261,9 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 79,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 182,6 млрд теңге бөлінді. 2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 117 469 теңге болды.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Министрлік 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске салды. Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.

Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ егер мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 %-ын құрайды, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2 %-ға артады.

Мысалы, егер сіздің өтіліңіз 20 жыл болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 74 %-ын, ал 30 жыл болса, онда 94 %-ын құрайды. Еңбек өтілі 33 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы мөлшерінде белгіленеді.

Егер бір ай ішінде міндетті зейнетақы жарналары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірнеше рет аударылса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды.

Осылайша міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық көлемде аударылатын болса, зейнет жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Ведомсвтодағылар атап өткендей, азаматтың жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейінгі кезеңдегі орташа айлық табысына байланысты болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: