Жаңалықтар тізбегі
0

Қызметкер ауырып, демалыс алғанын хабарлауға міндетті ме

аурухана, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2022 18:20 Сурет: Атырау облысы әкімдігі
«Электронды үкімет» сайтында қызметкер ауырған себеппен еңбекке уақытша жарамсыздық демалысына шығуы туралы жұмыс берушіге хабарлауға міндетті ме және бұл туралы хабарламаса, жұмыстан босатылуы мүмкін бе деген сұрақ қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР Еңбек кодексінде қызметкердің міндеті және жұмыс берушіні уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ашу туралы хабардар ету тәртібі қарастырылмағанын атап өтті.

Бұл ретте олар кодексте қызметкер еңбек міндеттерін келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға, жұмыс берушінің актілеріне сәйкес орындауға тиіс екені көрсетілгенін айтты.

Осыған орай, мүмкіндігінше уақытша еңбекке жарамсыздық анықтамасымен расталған уақытша еңбекке жарамсыздық туралы жұмыс берушіні хабардар етуді жөн санаймыз, – деді Еңбек министрлігі.

Бұл ретте министрлік Еңбек кодексінің 54-бабына сай бірқатар жағдайларды қоспағанда, уақытша еңбекке жарамсыздық және қызметкердің демалысы кезеңінде жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзуға жол берілмейтінін айтты.

Сонымен қатар Еңбек министрлігі еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүргізетінін хабарлады.

Жұмыс беруші еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін бұзған жағдайда қызметкер немесе оның өкілі ұйымның орналасқан жері бойынша еңбек инспекциясына тиісті өтінішпен жүгінуге құқылы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: