Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда жұма күні қатты ыстық болады

Қазақстанда жұма күні қатты ыстық болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2022 17:44 Сурет: Алматы қаласының әкімдігі
Синоптиктер 22 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Еліміздің батысы мен шығысында бұршақ, оңтүстік-батыста шаңды дауыл. Тек Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.«Қазгидромет» РМК

Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ұлытау облысының басым бөлігінде қатты ыстық болады.

Күндіз Жамбылдың басым бөлігінде, Қызылорданың оңтүстігінде, Қарағандының оңтүстік-шығысында, Түркістан облысының батысы мен шөлді аймақтарында, Жетісудың батысы мен орталығында, Алматы облыстарының солтүстігінде қатты ыстық болады деп болжанды.

  • Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз солтүстік-батыстан соғатын жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +25+27°С.

  • Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +21+23°С, күндіз +36+38°С.

  • Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +24+26°С, күндіз +41+43°С.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: