Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-да сотталушы сүйіктісінің арманын орындады

Түрмедегі өмір Сурет: ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Қоныс колониясында танысқан жас жұбайлар бүгінде жаңа өмірге бірге аяқ басты. Бірі түрмеден босап шықса, ал екіншісі жазасын әлі өтеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

2020 жылы түрме қабырғасында кездесе бастаған жазасын өтеуші екі жас осы күнге дейін бірге болып, шаңырақ көтеруді жоспарлаған. 2022 жылдың басында жазасын өтеп жатқан бойжеткен түрмеден босап шықты. Ал жігіттің мерзімі әлі аяқталмаған. Бостандыққа шыққан қыз темір тордың арғы жағындағы ғашығын ұмытпады. Көп ұзамай олар үйлену туралы шешім қабылдады.

Жазасын өтеушілер үшін отбасын құру оң әсер етеді. Бір біріне қолдау білдіріп отырады. Жазасын өтеуші жігіт түрмеде жұмысқа бекітіліп, үйлену тойына ақша жинады. Өзінің еңбек сүйгіштігінің арқасында сүйіктісінің арманын орындап, ақ көйлек кигізіп, салтанатты той өткізді. Мекеме әкімшілігі тарапынан сотталғанға демалыс берілді, – деп атап өтті ШҚО бойынша ҚАЖД Сотталғандарды жұмыспен қамту бөлімінің бастығы, әділет майоры Арай Көшербаева.

Ер азамат өз сүйіктісінің махаббаты, қолдауы мен шыдамдылығы үшін ризашылығын білдірді.

Босап шыққанына қарамастан, маған қолдау көрсетіп отырды. Осы уақытқа дейін үйлену тойын жасау үшін жалақымды жинадым. Жарымның арманын орындап, отбасын құрдым. Алдағы уақытта тек жақсы жанұя болатынымызға сенемін, - дейді ОВ 156/22 мекемесінде жазасын өтеуші.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: