Нұр-Сұлтанда 2 көше жөндеуге жабылады

Нұр-Сұлтан қаласы, жол, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2022 11:37 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Нұр-Сұлтанда жол жамылғысын жөндеуге байланысты екі көше жабылады. Бұл туралы ақпарат елорда әкімдігінің сайтында жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына Чехоев көшесіндегі жол төсемі бойынша жұмыстардың басталғаны туралы хабарлады.

Осыған байланысты 27 шілде мен 3 тамыз аралығында Жолымбет көшесінен 191 көшесіне дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.

27 шілде мен 30 шілде аралығында Еңлік-Кебек көшесінде Болашақ көшесінен 189-көшеге дейінгі учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: