Бүгін қос ғарышкер – Тоқтар Әубәкіров пен Айдын Айымбетовтың туған күні

ғарыш, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2022 15:15 Сурет: unsplash
Бүгін Қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров 76 жасқа толса, ал Қазақстанның ұшқыш-ғарышкері, Халық қаһарманы Айдын Айымбетов 50 жасқа келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысында дүниеге келген. Ол 1991 жылы 2 сәуірде Кеңес одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Ғарыш кемесі жер төңірегіндегі «Мир» орбиталық кешенімен түйісті. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге  биотехнология,  металлургия, медицина салалары және Арал туған аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жүргізді.

Айдын Айымбетов 1972 жылы 27 шілдеде Алматы облысында дүниеге келген. Ол 2015 жылы 2 қыркүйекте 2-бортинженер ретінде транспорттық пилоттанған «Союз ТМА-18М» кемесінде ЭП-18 саяхаты аясында Байқоңыр ғарыш станциясынан Халықаралық ғарыш станциясына аттанды. Айдын Айымбетов ғарышта он күн болып, маңызды зерттеулер жүргізген еді. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: