eGov.kz порталында техникалық ақау болды

egov, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2022 12:26 Сурет: Zakon.kz
Қазақстанның eGov.kz электронды үкімет порталы істен шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы eGov.kz порталының ресми Telegram-каналында хабарланды.

Қазір eGov.kz порталының, «Ашық үкімет» порталының, eGov мобильді қосымшасының және жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасының құрамдас бөліктерінің дұрыс жұмыс істемеуі байқалады. Сонымен бірге халыққа қызмет көрсету орталықтарында және екінші деңгейлі банктерде мемлекеттік қызмет көрсету қолжетімді емес, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар «тізімге енген порталдардың жұмысын қалпына келтіру жүргізіліп жатқаны» хабарланды.

Жақында қалпына келтіріледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, – делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: