Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы тағайындалды
![Жетісу облысы, Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаменті, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2022 15:55](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-0964d833-a286-428f-b4f1-e199482f4a7b/800x451.webp)
ТЖД жаңа бастығын жеке құрамға Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков таныстырды.
Ізбасаров Бауыржан 1977 жылы 6 ақпанда Алматы облысы Күрті ауданында дүниеге келген.
Білімі:
2003 жылы М. Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтын «құқықтану» мамандығы бойынша, 2007 жылы ТЖМ Көкшетау техникалық институтын «өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
Құқық қорғау органдарында 2002 жылғы қаңтардан бастап жұмыс істейді, қызметін Оңтүстік Қазақстан облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бас басқармасының №2 өрт сөндіру бөлімінің мемлекеттік өрт қадағалау инспекторы болып бастады. Қызмет еткен жылдары түрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.
2021 жылдан бастап Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары болып қызметін атқарды.