Қазақстанда ұн бір жылда 36,6% қымбаттады
Өңірлік тұрғыда ұн өндірісінің ең көп көлемі дәстүрлі түрде Қостанай облысына тиесілі: 552,4 мың тонна, плюс жылына 7,4%. Үздік үштікке Солтүстік Қазақстан облысы (164,5 мың тонна, жылына плюс 10%) және Шымкент (141,5 мың тонна, минус 14,9%) кірді. Бұл туралы Еnergyprom.kz жазды.
Жалпы 2021 жылы өндіріс 3 млн тонна болды, алдыңғы жылмен салыстырғанда 10,3% аз. Еліміздің ұн тартушылары ішкі нарықты жоғары деңгейде қамтамасыз етіп отыр. Оған мысал, биыл қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар сұранысты (ішкі нарықтағы сатуды қосқанда экспортты) 98,9% қамтамасыз етті.
Биыл шілде айында ұн бағасы бір жыл ішінде 36,6% қымбаттады. Бірінші сұрыптағы ұнның бір келісінің құны 225 теңге, жоғары сорттысы 343 теңге болды. Еліміздің ірі қалаларының ішінде жоғары сортты ұнның ең жоғары бағасы елордада (424 теңге), ең төменгісі Павлодарда (кг үшін 222 теңге) байқалды.
Сонымен қатар импорт 2,4 есе өсті, бірақ бұл осы кезеңдегі отандық өндірілген 1,3 миллион тоннаға қарсы 14,4 мың тонна ғана. Экспортқа 764,7 мың тонна ұн жөнелтілді, бұл былтырмен салыстырғанда бірден 36,2% артық. Экспорттың үлесі ресурстардың 58,1%-ына тең. Ішкі нарықтағы сату көлемі 21,3% төмендеп, 551,7 мың тонна болды.
Ұн қайда жіберіледі?
2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында экспорт ақшалай есептегенде бірден 86,8% өсіп, 292,6 млн доллар болды. ТМД елдеріне 212,7 мың тонна ұн жөнелтілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,1% артық. Қазақстан ұнының басым бөлігі Өзбекстанға жөнелтілді: 158 мың тонна – 2021 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 17,6% артық. Үздік үштікке Түркіменстан мен Тәжікстан да кірді.
ТМД-дан тыс елдерге 223,7 млн доллар болатын 552 мың тонна ұн жөнелтілді. Мұнда барлық дерлік көлем Ауғанстанға түсті: 551,5 мың тонна, бір жыл бұрынғыдан 47,1% артық.