Бензин мен дизель отынының қоры күн сайын толықтырылады – Энергетика министрлігі
Сурет: Zakon.kz
ҚР Энергетика министрлігі ішкі нарықтағы мұнай өнімдерінің қорлары туралы қосымша мәлімет берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өнімдерін өндіру, тиеу, тасымалдау және қорларды толықтыру процесі тәулік сайын тоқтаусыз жүзеге асырылатын процесс.Өндірілген мұнай өнімдерінің және мұнай базаларындағы, жолдағы көлемдер күн сайынғы қорлар болып саналады, – делінген министрлік таратқан ақпаратта.
Сондай-ақ күн сайынғы қор көрсеткіші дегеніміз бұл толықтырылып отыратын көлемдер болып саналатын индикативтік көрсеткіштер әрі аталған күндер өткеннен кейін мұнай өнімдерін ішкі нарыққа жеткізу тоқтайтындығын білдіретін көрсеткіштер/факторлар болып табылмайды, жоғарыда аталғандай, мұнай өңдеу зауыттарында тәулік бойы мұнай өнімдерін өндіру мен тиеу процесстері тоқтамай, штаттық режимде жұмыс жасап тұратындығы атап өтілді.
Қосымша ақпарат ретінде 23-тамыздың сағ. 18:00 дейін келіп түскен ақпаратқа сәйкес, еліміздегі мұнай базаларындағы және жолдағы АИ-92 бензинінің жиынтық қоры 183,3 мың тоннаны, ал дизель отынының қоры 221,7 мың тоннаны құрап тұрғандығын хабарлаймыз, – делінген ақпаратта.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript