Жаңалықтар тізбегі
0

Аптап ыстық болып, қатты жел тұрады. 1 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Дауылды ескерту, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2022 20:26 Сурет: Zakon.kz
Еліміздің 12 облысында дауылды ескерту жарияланды. Бұл ақпаратты "Қазгидромет" РМК таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күндіз Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында және орталығында 35 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.

Күндіз Ұлытау облысының да басым бөлігінде қатты ыстық болады: +35...+38°.

Күндіз Ақмола облысының солтүстік жартысында оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада да төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Атырау облысында сынап бағаны 39 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың батысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз 38 градус қатты ыстық болады.

Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Ақтөбе облысының батысында оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен 15 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде қатты ыстық болады:+35...+38°. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде күндіз қатты ыстық болады: +33...+36°.

Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Күндіз Қостанай облысының батысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді, күндіз облыстың басым бөлігінде 37 градусқа дейін қатты ыстық болады деп күтіледі, облыстың орталығы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда күндіз 35 градус ыстық болады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында күші –15-20, екпіні – 23 м/с. Петропавл қаласында күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші – 15-20, екпіні – 23 м/с-қа жетеді.

Күндіз Жетісу облысының шығысында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: