Жаңалықтар тізбегі
0

Биыл жол құрылысынан 400-ден астам олқылық анықталған

Жол жөндеу жұмыстарында олқылықтар орын алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2022 17:07 Сурет: Zakon.kz
Кедендік бақылаудың ашықтығын қамтамасыз ету, елдің транзит әлеуетін арттыру мен жергілікті жолдардың жағдайын жіті бақылауда ұстау Үкіметтің негізгі міндеттерінің бірі болуы тиіс, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жолдауда Президент айтқан осы мәселе – көлік логистика саласын көтерудегі маңызды қадам. Мәселен, Павлодар облысы арқылы өтетін 5700 шақырымдай жол бар, деп жазады qazaqstan.tv.

Оны тұтастай тегіс деп айту қиын. Әсіресе шалғай елдімекендерге апаратын жол сапасы сын көтермейді. Биылдың өзінде сапаны бақылайтын мемлекеттік мекеме өңірдегі жол құрылысынан 400-ден астам олқылықты анықтаған.

Мемлекет басшысы транзиттік қуатты арттыру арқылы әлемдік маңызы бар көлік-тасымал торабына айналу мүмкіндігін айқындап берді. Жылдар бойы кейінге ысырылып келген маңызды жобалар шешімін табады деген сенім пайда болды, дейді сала мамандары.

Логистика жағынан өте маңызды мәселе. Павлодар өңірінде көпіріміз бар. Ескі көпір. Бүгінгі күні ол көпірмен жүк көлігінің жүруіне тыйым салынған. Ол көпірді дұрыс қөалпына келтіріп немесе жаңа көпір салынғаннан кейін біздің осы жол бағытындағы логистикамыз 50 пайызға қысқарады. Президентіміздің Жолдауынан кейін бізге үлкен бір пәрмен беріліп тұр. Осы бағытта жұмысымызды күшейтеміз. Талғат Қайратхан, «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РММ облыстық филиалының директоры
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: