Жаңалықтар тізбегі
0

Алматылықтар жиі ажыраса бастады

неке, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2022 14:51 Сурет: Zakon.kz
Өңірлік коммуникациялар қызметінің сайтында АХАТ қызметкерлері алматылықтардың жиі ажырасуының негізгі себептерін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әдетте, ажыраспас бұрын АХАЖ қызметкерлері ойлануға уақыт береді. Дегенмен барлық отбасыны сақтап қалу мүмкін емес.

Ажырасудың негізгі себептері – балаларының болмауы, баспананың болмауы, тұрақты жұмысының жоқтығы, ерлі-зайыптылардың бірінің ішімдікке, есірткіге бейімділігі, опасыздық және ортақ тіл таба алмау. Оның үстіне 70% жағдайда ажырасудың бастамашылары - әйелдер.

Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Жанна Дүйсембаева осы жүйеде 30 жылдық тәжірибесі бар және осы жылдарда оннан астам жұпты татуластырған.

2021 жылы Түрксіб ауданында 370 ажырасу тіркелді. Бұл - тек ортақ балалары жоқ және өзара келісім бойынша АХАЖ органдарына өтініш берген азаматтар. Біздің қызметкерлер отбасын сақтау үшін көп жұмыс істейді. Мысалы, біз 84 некені сақтап қала алдық, – деді Жанна Дүйсембаева.

Бұл ретте ол алматылық қыз-келіншектердің неке тіркеуден кейін өз тегін қалдырғысы келетінін айтты. Бұл салт-дәстүрді сақтаумен байланысты.

Тағы бір тенденция – жас жұбайлардың жасы ұлғайған. Бірақ ажырасатын ерлі-зайыптылардың жасы әрқашан әртүрлі.

2022 жылы алматылықтар көбірек үйлене бастады

Алматы тұрғындары 2021 жылмен салыстырғанда жиі некеге тұра бастады. Алматы қалалық Әділет департаменті басшысының орынбасары Зәуреш Сатхожина алматылықтар арасында отбасын құру мәселесінде оң динамика бар екенін айтты.

Мамандардың айтуынша, 2022 жылдың сегіз айында Алматы қаласында 84 507 азаматтық хал актісі тіркелген.

Бұл тізімнің ішінде 48 200 туу және 12 326 өлім туралы анықтамалар. Сонымен қатар 19 367 неке туралы жазбалар есептелді. Айтпақшы, 2021 жылы дәл осы кезеңде 16 952 жұп шаңырақ көтерген.

Қазір некені тіркеу мерзімі қысқартылды, ол 15 күнде дайын болады. Некеге тұру туралы өтініш берілгеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі. Ал бұған дейін қазақстандықтар некелесу үшін 30 күн күтетін еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: