Алматыда қала күніне орай қандай шаралар өтеді

Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2022 11:37 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Алматы әкімдігі биыл қала күні қалай тойланатыны туралы айтты. Мегаполисте жәрмеңке, концерт, шоу, фестиваль және тағы басқа дәстүрлі іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды, Zakon.kz.

Жыл сайын қыркүйектің үшінші жексенбісінде Алматыда қала күні тойланады. Биыл мереке осы демалыс күндері өтеді. 16-18 қыркүйек аралығында қала тұрғындары мен қонақтары дәстүрлі іс-шараларды көре алады.

16 қыркүйек

  • «Алатау» дәстүрлі өнер театрында сағат 15.00-де республикалық ақындар айтысы болады.

  • «Медеу» БСК-де сағат 16.00-де Medeu Party халықаралық стрит-арт фестивалі өтеді.

17 қыркүйек

  • «Астана» алаңында сағат 17.00-де «Gakku дауысы» заманауи қазақстандық музыка фестивалі болады.

  • Қаланың барлық ауданында мерекелік концерттер өтеді.

  • Абай атындағы ҚҰОБТ алдындағы алаңында 17-18 қыркүйек күні сағат 11.00-ден бастап 1940-шы жылдардан бастап қазіргі күнге дейінгі қаланың мәдени-тарихи дәуіріне арналған «Сүйемін сені, Алматы» фестивалі ұйымдастырылады.

18 қыркүйек

  • Тұңғыш Президент саябағында сағат 11.00-де «Алма fest» негізгі мерекелік іс-шарасы өтеді. Бұл жерде алма жәрмеңкесі, концерттер және т.б. болады.

  • Almaty Arena мұз айдыны кешенінде сағат 18.00-де Salem Almaty концерті өтеді.

  • «Астана» алаңында сағат 19.00-де Zhuldyzdy Live концерті өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: