Қаза тапқан өрт сөндіруші Айдос Тоғызбаевтың отбасына президент атынан ІІІ дәрежелі "Айбын" ордені табысталды

марқұмның отбасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2022 14:41 Сурет: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев және Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков дала өртін сөндіру кезінде күйік шалып, қаза тапқан өрт сөндіруші Айдос Тоғызбаевтың отбасына президенттің атынан ІІІ дәрежелі "Айбын" орденін табыстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен қатар марқұмның отбасына 3 бөлмелі пәтердің сертификаты да берілді.

Сонымен қатар Бесқарағай ауданында отбасымен бірге орман өртінің алдын алған Бесқарағай ауылының тұрғындары Жанболат и Анаргуль Рүстемовтер отбасына алғыс хат пен тұрмыстық техника табысталды.

Айта кетейік, 6 қыркүйек күні Жанболат Рүстемов отбасымен бірге жекеменшік көлігімен келе жатып,  орманнан шыққан түтінді байқайды. Рүстемовтер отбасы бірден тиісті  орындарға телефон шалып, отты өздері сөндіре бастады. Канонер филиалының орман өртін сөндіру стансасы мамандары келіп жеткенге дейін Жанболат Рүстемов, зайыбы Анаргүл Рүстемова және ұлдары Есхан Рүстемов үшеуі өртті сөндіріп үлгерген.

Айбын ордені, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2022 14:41

Сурет: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Орман шетіндегі  өртті көріп, қасынан бейжай өтпей, ағаштардың қызыл жалынға оранып, бүкіл алқаптың өртенуіне жол бермеген Рүстемовтер отбасының әрекеті - көпке үлгі. Сондықтан осындай азаматтың ұстанымы жоғары бар тұрғындар барда еліміздің көркейе түсері анық.

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, өз кезегінде, осындай ерлік көрсетіп, елге қызмет жасаған азаматтарға зор алғыс білдірді.

Айдос Тоғызбаевтың батылдығы мен батырлығы, қайсарлығы мен өз қызметіне адалдығы баршамызға үлгі-өнеге болып қала бермек. Антына адал, Айдос бауырымыздың бойында  дәл осындай қасиеттердің болғанына осы ерлігі дәлел. Мен, Абай облысы тұрғындарының, және жеке өзімнің атымнан марқұмның жолдасына, туған туыстарына тағы бір мәрте қайғырып көңіл айтамын.Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев

Бақыршық әскери-құтқару бөлімшесінің маманы Қуат Байғазиновге облыс әкімінің алғыс хаты жолданды. Жарма ауданында болған дала өрті кезінде Қуат Байғазинов өрт сөндіруші Айдос Тоқызбаевқа жедел жәрдем мамандары келгенге дейін алғашқы дәрігерлік көмек көрсеткен.

Айта кетейік, өткен аптада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы жарлығына сәйкес төтенше жағдай кезінде жасаған ерлігі үшін:  

  • Тұрлыбеков Амангелді Айтмұхашұлы - Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 14 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен;

  • Нұрлан Сәлімжан - Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 14 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі, "Ерлігі үшін" медалімен марапатталған еді.

 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: