Қазақстанның екі облысында 3 градусқа дейін аяз болады

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, түнде Ақмоланың солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан облыстарының оңтүстік-батысында, Павлодардың шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында -2...-3°С аяз болады.
Синоптиктердің болжауынша, түнде Қостанай, Ұлытау, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде топырақ бетінде -1...-3°С аяз болады.
Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанды. Түнде тұман, үсік. Республиканың батыс және шығыс облыстарында жаңбыр жауады, батысында найзағай ойнайды. Қазақстанның басым бөлігінде жел екпіні 15-20 м/с күшейеді. Оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста екпіні 23-28 м/с болады. Күндіз батыста, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, - делінген хабарламада.
Болжам бойынша, Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Атыраудың батысында, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстік-шығысында, Жамбылдың басым бөлігінде, оңтүстікте, Ақтөбе облыстарының шығысында төтенше өрт қаупі сақталады;
Ұлытау облысының шығысында және оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Ақмоланың солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан облыстарының оңтүстік-батысында, Павлодардың шығысында, Қарағанды облыстарының солтүстігінде, шығысында -2...-3°С аяз болады."Қазгидромет" РМК
Сонымен қатар синоптиктер түнде Қостанай, Ұлытау, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде топырақ бетінде -1...-3°С аяз сақталады деп болжап отыр.
Елорда мен республикалық маңызы бар екі қалада ауа райы қандай болады:
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан екпіні 3-8 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 15-17 жылы;
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан екпіні 3-8 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 22-24 жылы;
Шымкентте көшпелі бұлт болады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел екпіні 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 28-30 жылы.