Алматыда Саин көшесі қайта жабылады

жол, жөндеу, Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2022 12:12 Сурет: Zakon.kz
Саин көшесінде уақытша көлік жүрісінің шектелуі туралы ақпаратты Алматы қалалық Мобилділік басқармасы жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол жөндеу жұмыстарына байланысты Саин көшесінің мына бөліктерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі:

  • Саин көшесінің Шығыс бетінде солтүстік бағытта Шаляпин көшесінен Жандосов көшесіне дейінгі бөлігі- 19 қыркүйек сағ. 21:00 мен 20 қыркүйек сағ. 06:00 аралығында;

  • Саин көшесінің Батыс бетінде Жандосов көшесінен Торайғыров көшесіне дейін - 20 қыркүйек сағ. 21:00 мен 21 қыркүйек сағ. 06:00 аралығында және 21 қыркүйек сағ. 21:00 мен 22 қыркүйек сағ. 06:00 аралығында;

  • Саин көшесінің Шығыс бетінде Жандосов көшесінен Торайғыров көшесіне дейінгі бөлігі - 23 қыркүйек сағ. 21:00 мен 24 қыркүйек сағ. 06:00 және 24 қыркүйек сағ. 21:00 мен 25 қыркүйек сағ. 06:00 аралығында.

Аталған шектеулер орташа жол жөндеу жұмысы аясында жоспарланған. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз.Алматы қалалық Мобилділік басқармасы
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: