Жаңалықтар тізбегі
0

Синоптиктер еліміз бойынша 20 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды

Қазгидромет, ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2022 16:30 Сурет: pixabay
Синоптиктер 2022 жылғы 20 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР аумағының басым бөлігі әлі де ауқымды антициклонның ықпалында болады, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Атмосфералық фронтталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің батысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында найзағайлы жаңбыр жауады. ҚР бойынша кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады."Қазгидромет" РМК

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау, Ақтөбе облыстарының шығысында, Алматы облысының солтүстігінде және орталығында, Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Ақмола облысының шығысында, орталығында, Қарағанды облысының солтүстігінде және шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Абай облысының батысында 1-3 градус үсік сақталады. "Қазгидромет" РМК

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан жел соғады, күші 2-7 м/с болады. Ауаның температурасы түнде 6-8 градус, күндіз 23-25 градус жылы.

Алматы қаласында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с болады. Ауаның температурасы түнде 13-15, күндіз 27-29 градус жылы.

Шымкент қаласы: аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан жел соғады, күші 8-13 м/с болады. Ауаның температурасы түнде 14-16, күндіз 30-32 градус жылы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: