Жаңалықтар тізбегі
0

Астананың жаңа туы мен елтаңбасы әзірленіп жатыр

Астананың елтаңбасы, Астананың туы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2022 17:33 Сурет: primeminister.kz
Астананың мәслихаты "Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының рәміздері туралы" шешім әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, құжатта елорда рәміздерінің сипаттамасы мен пайдалану тәртібін қарастырылған.

Сонымен Астана қаласының елтаңбасы көгілдір түс аясында алтын түсті "Бәйтерек" пен "Шаңырақ" бейнеленген екі нышан орналасқан дөңгелекті білдіреді.

"Бәйтерек" белгісі негізінде "Құсқанаты" оюы орналасқан, оның төменгі жағында стильді "Н" әрпі орналасқан, "Құсқанаты" оюы және "Н" әрпі алтын түсті. "Шаңырақ" белгісі мен "Құсқанаты" оюының сыртқы жағы жасылмен көмкерілген.

Сыртқы сақинаның көмкерілген жерінде сол және оң жақтарында қызыл аяда алтын түсті "Бөрікөз" оюы орналасқан. Елтаңбаның төменгі жағында алтын түстес аяда қызыл түсті ASTANA деген жазуы бар. ASTANA жазуының сол және оң жағында алтын түсті үш симметриялы сызықтар орналасқан.

Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының туы ені мен ұзындығы 1:2 қатынастағы ортасында Астана қаласының елтаңбасы орналасқан тік бұрышты жайматөсемді білдіреді, одан жан жаққа алтын түстегі күн сәулелері шашылып тұрады.

Құжатта елорданың елтаңбасын қолдану тәртібі де айқындалған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: