Қазақстанның 5 облысында шаңды дауыл мен көктайғақ болады

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Түркістан облысының солтүстігі мен батысында шаңды дауыл соғады. Солтүстік, батыстан соғатын желдің күші облыстың таулы аймақтарында 15-20, күндіз таулы асуларда екпіні 25 м/с. Ауданның басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістанда таңертең және күндіз шаңды дауыл соғады, шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді."ҚазГдромет" РМК
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, Петропавлда түнде және таңертең тұман болады.
Қызылорда облысында синоптиктердің болжауынша, солтүстік-шығыстан жел соғады. Облыс орталығында шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с. Облыста және Қызылорда қаласында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Абай облысының солтүстігінде тұман, жолдарда көктайғақ болады деп болжанды. Солтүстік-батыстан, облыс орталығында және оңтүстігінде жел екпіні 20 м/с.
Жетісу облысының таулы аймақтарында түнде тұман басады. Солтүстік-шығыстан, шығыста 15-20 м/с жел соғады. Желдің екпіні 25 м/с жетуі мүмкін.