Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлттық банк айналымға жаңа банкнот шығарады

ҚР Ұлттық банкі, банкнот, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2022 13:07 Сурет: Zakon.kz
2022 жылғы 1 қазанда Қазақстан Ұлттық банкі номиналдық құны 20 000 теңгелік банкнотты айналымға шығарады деп хабарлайды Zakon.kz Ұлттық банктің бапсаөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық банк өкілдерінің мәлімдеуінше, банкнот айналымдағы ақша белгілерімен бірыңғай стильде жасалған.

Бет жағында көбіне тігінен орындалған бейнелер, сырт жағында көлденең орындалған бейнелер орналасқан. Дизайны номиналдың голографиялық бейнесі тігінен орналасқан металсыздандырылған жолақты қолдана отырып жасалған.ҚР Ұлттық банкінің бапсаөз қызметі

Банкноттың 25 қорғаныш элементі бар, көлемі 155х79 мм және сұр түске басымдық берілген.

ҚР Ұлттық банкі, банкнот, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2022 13:07

Сурет: ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі

Бет жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері, "Қазақ клі" монументі, "Мәңгілік ел" салтанат қақпасы, "басқұр" қазақ ұлттық ою-өрнегінің фрагменті және тәуелсіздік жылдарын білдіретін "30" саны бейнеленген.

Банкноттың екінші бетінен Астананың және Ақорда резиденциясының панорамалық көрінісін көруге болады.

Номиналы 20 000 теңгелік жаңа дизайндағы банкнот өз құнына сай Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдауға, сондай-ақ елдегі банктерде банктік шоттарға есепке алуға және аударуға, ұсақтауға, айырбастауға жатады.ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі

Жаңа купюра "Қазақ елі" сериясымен ұсынылған қазіргі таңда айналымда бар 500, 1 000, 2 000, 5 000 және 10 000 теңгелік номиналдағы банкноттардың қатарын толықтырады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: