Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал
Сурет: unsplash
2 қазанда синоптиктер болжамына сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК мәліметтері бойынша, еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында ғана жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында да жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады) түседі.
Республика бойынша кей жерлерде қатты жел тұрады, батыста, шығыста, оңтүстік-шығыста – тұман түседі, оңтүстікте – шаңды дауыл тұрады деп күтіледі... Түркістан, Қызылорда облыстарының солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аудандарында топырақ беті қатып, сынап бағаны -1...-3 градус суықты көрсетеді, делінген хабарламада.
Синоптиктер болжамына сәйкес, Түркістан, Қызылорда облыстарының, Қарағанды, Ұлытау облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Бұған дейін синоптиктер 1-3 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын. Алдағы үш күнде еліміздің көп бөлігіне жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі, оған солтүстік антициклоны әсер ететіні айтылады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript