Қазақстандағы ауасы ең лас қала – Астана

"Қазгидромет" РМК, ең лас қала, Астана, Алматы, таза ауа, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2022 10:12 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
"Қазгидромет" РМК Қазақстанның ауасы ең лас қаласын атады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елдегі ең лас қалалар тізімінде Астана көш бастады. Сынамалар 2022 жылғы 27 қыркүйек пен 3 қазан аралығында зерттелді.

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, қалада шектеулі-рұқсатты концентрация мөлшерінен асудың 1318 жағдайы тіркелді, әсіресе қаладағы Бабатайұлы көшесі ауданындағы ауа көбірек ластанған.

Ауаның ластануы бойынша екінші орында – Қарағанды, үшінші орында – Алматы.

Ауасы ең таза қалалар Шымкент пен Ақтөбе болып шықты.

Дүниежүзілік банктің 2022 жылғы зерттеуіне сәйкес, Қазақстандағы ауаның ластануы жылына 10 000-нан астам мезгілсіз өлімге себепші болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: