Тоқаев кеншілердің зейнетақыны көтеру туралы өтінішіне жауап берді
Сурет: Zakon.kz
Қарағанды облысы жұртшылығы алдында сөз сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев кеншілердің регресс пен зейнетақы төлемдерін арттыру туралы өтінішіне жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент "кеншілер Азаматтық кодекске өзгертулер енгізу қажет екенін көптен бері айтып жүргенін" тілге тиек ете келе, халықтың мұң-мұқтажын, тілегін жақсы түсінетінін айтты.
Бұл зейнетақы мен салық жүйесіндегі, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіндегі өзгерістерге қатысты өте күрделі мәселе екенін атап өткім келеді. Қасым-Жомарт Тоқаев
Мемлекет басшысы бұл мәселені "әріптестердің, жолдастардың, экономиканың басқа да қауіпті салаларындағы жұмысшылардың, шын мәнінде қоғамның барлық салаларының мүддесін ескере отырып, жан-жақты қарастыру қажет" екенін айтты.
Үкімет қарастырып жатыр. 2023 жылдың басында үкімет маған нақты ұсыныстар жасайды. Қасым-Жомарт Тоқаев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript