Қаржы министрі елордалық супермаркетте бағаны рубльмен көрсету оқиғасына пікір білдірді

азық-түлік бағасын рубльмен көрсету, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2022 13:33 Сурет: Zakon.kz
ҚР премьер-министрінің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев астаналық супермаркеттердің біріндегі азық-түлік бағасы рубльмен көрсетілген жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Вице-премьер бұл супермаркет қызметкерлерінің қатесі болуы мүмкін екенін айтты.

Ұлттық валютамыз – теңге. Барлық баға белгілері ұлттық валютада көрсетілуі керек. Егер мұндай фактілер болса, бұл заңсыз, - деді Ерұлан Жамаубаев үкімет кулуарында.

Қаржы министрі мұндай фактілердің жолын кесу керек екенін, оның ішінде дүкен қызметкерлерін жазалау керек екенін айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: