Жамбыл облысында үсік жүреді

Ауа райы болжамы, ауа райы, үсік, Алматы, Астана, Шымкент, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2022 15:26 Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер 12 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің батысы Қара теңіз аудандарынан келетін циклонның әсерінде болғандықтан, ол жақта жаңбыр жауады.

Республиканың батысында, оңтүстік-шығысында және шығысында желдің күшейеді, шығыста және оңтүстік-шығыс аудандарында тұман күтіледі. "Қазгидромет" РМК

Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында 3 градус үсік сақталады.

Астана қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде 0...+2°С, күндіз +16...+18°С болады.

Алматы қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің күші 2-7 м/с. Ауаның температурасы түнде +3...+5°С, күндіз +19...+21°С болады.

Шымкент қаласы: аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан жел соғады, күші 8-13 м/с. Ауаның температурасы түнде +7...+9°С, күндіз +23...+25°С болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: