Жаңалықтар тізбегі
0

Энергетика министрлігі майнерлерге бола Ресейге қарсы санкцияларға ұшырау қаупі жоқ екенін мәлімдеді

ҚР Энергетика министрлігі, майнинг, майнингтік компания, криптовалюта, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2022 13:37 Сурет: unsplash
Мәжіліс кулуарында ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов "Майнерлер жетіспейтін электр қуатын көрші елден алса, Қазақстан Ресейге салынған санкцияларға ұшырамай ма?" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Жандос Нұрмағанбетов Қазақстанда майнинг қызмет ретінде рұқсат етілгенін және "Цифрлық активтер туралы" заң жобасы қабылданып жатқанын айтты.

Оның айтуынша, құжатта 300 МВт квота белгіленген.

Ақысын төлеңіз де, тұтына беріңіз. Егер сауда-саттықта электр энергиясы жеткіліксіз болса, оны шетелден тұтынуға болады. Импорттық электр энергиясын сатып алып, Қазақстанға әкеліп, кеденнен өткізіп, салық төлеңіз. Бұл мәселеде ешқандай тыйым жоқ. Егер майнингтік компаниялар электр қуатын өндіретін ресейлік компаниямен жұмыс істегісі келсе, ол өз шаруасы. Яғни, тәуекелдерді компания өзі бағалайды. Жандос Нұрмағанбетов

Энергетика вице-министрінің сөзінше, мұндай жағдайда мемлекетке қауіп төнбейді.

Біз тарихи бір энергетикалық жүйеде жұмыс істеп келеміз. Энергетикалық жүйенің бір бөлігі Ресейге, бір бөлігі Орталық Азияға қосылған. Біз күн сайын Ресеймен де, Өзбекстанмен де, Қырғызстанмен де жұмыс істейміз. Сондықтан бұл жаңалық емес. Мұны еуропалық әріптестер, әсіресе энергетикалық серіктестер түсінеді. Сондықтан кез келген көрші жүйе бір-бірімен байланысады, бұл жерде заңсыз ештеңе жоқ, бұл табиғи нәрсе және ол осылай жұмыс істеуі керек. Жандос Нұрмағанбетов

12 қазан күні мәжілісте депутаттар бастамашы болған "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" заң жобасы мен бес заңнамалық актіге ілеспе түзетулер мақұлданды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: