Елімізде қандай жолдар ақылы болады

ҚР ИИДМ, ақылы жол , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2022 12:56 Сурет: Zakon.kz
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті елдегі ақылы жолдардың жаңа учаскелерін енгізуді көздейтін бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
  • Атап айтсақ, республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын І-а санатты Көкшетау арқылы Астана – Петропавл автомобиль жолының Астана – Щучинск 18+772 километр – 230+250 км учаскесі ақылы негізде пайдаланылады.

Құжатта баламалы жол ретінде: РФ шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы республикалық маңызы бар автомобиль жолының Астана – Атбасар учаскесі, Көкшетау – Атбасар республикалық маңызы бар автомобиль жолының Атбасар – Зеренді учаскесі, Щучинск – Зеренді республикалық маңызы бар автомобиль жолы көрсетілген.

  • Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын І-а санатты Ресей Федерациясы шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы, Қостанай, Астана, Қарағанды арқылы автомобиль жолының Астана – Теміртау 1291 + 335 километр – 1425 + 422 км учаскесі ақылы негізде пайдаланылады;

    Оған Астана – Қабанбай батыр – Энтузиаст – Киевка – Темiртау республикалық маңызы бар жалпыға ортақ автомобиль жолы балам жол ретінде ұсынылған.

  • Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын І-а санатты Алматы – Өскемен (Сарқандтың, Аягөздің айналма жолдарымен және Мұқры шатқалының кiреберiсімен) автомобиль жолының Алматы – Қонаев учаскесі ақылы негізде пайдаланылады;

    Жүріп өту мынадай баламалы жол арқылы іске асырылуы мүмкін: Ресей Федерациясы шекарасы (Екатеринбургқа) – Алматы, Қостанай, Астана, Қарағанды арқылы республикалық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Алматы – Күрті» учаскесі, Қонаев – Күрті республикалық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолы.

  • I-б санатты Алматы – Өскемен – Шемонайха – Ресей Федерациясының шекарасы (Сарқанд, Аягөз айналма жолдарымен және Мұқры шатқалына кіреберісімен) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Қонаев – Талдықорған 67+000 километр – 253+000 км учаскесі ақылы негізде пайдаланылатыны;

  • I-б санатты Астана – Петропавл, Көкшетау арқылы республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Щучинск – Көкшетау 230+250 километр – 291+000 км ақылы негізде пайдаланылатыны;

  • І-а санатты Астана – Ерейментау – Шідерті республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын, І-а санатты Қызылорда – Павлодар – Успенка – Ресей Федерациясының шекарасы республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын Астана – Павлодар учаскесі ақылы негізде пайдаланылатыны;

    Жүріп өту мынадай баламалы жол арқылы іске асырылуы мүмкін: республикалық маңызы бар Астана – Қабанбай батыр – Киевка – Теміртау автомобиль жолы, республикалық маңызы бар Бастау – Ақтау – Теміртау автомобиль жолының Теміртау – Ақтау учаскесі, республикалық маңызы бар Қарағанды – Аягөз – Бұғаз автомобиль жолының Ақтау – Ульяновск учаскесі, республикалық маңызы бар Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ульяновск автомобиль жолы, облыстық маңызы бар Беловка – Қалқама автомобиль жолы, республикалық маңызы бар Ленинский – Ақсу – Көктөбе – Үлкен Ақжар – Курчатов автомобиль жолының Беловка-Ленинский учаскесі, Ертіс өзені арқылы өтетін көпір өткелі республикалық маңызы бар автомобиль жолы.

    Сондай-ақ құжатта жолдың әрбір учаскесі бойынша жол жүру ақысы қарастырылған.

    Бұйрық жобасы 2 қарашаға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: