Қарағандыда рөлде телефон пайдаланған автобус жүргізушісі жазаланады

Қарағанды, автобус, телефон, смартфон, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2022 13:59 Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желіде 18 қазанда қоғамдық көлікті жүргізіп келе жатып, телефонмен хабарлама жіберіп отырған ​​автобус жүргізушісі түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz telegram арнасының жазуынша, полиция қызметкерлері заң бұзушыны анықтады. Ол 27 жастағы жігіт болып шықты.

ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы – «Жүргізушінің көлік құралын басқару кезінде телефон немесе радиостанцияны пайдалануы» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, – делінген ресми ақпаратта.

Сондай-ақ жиналған материал сотқа жіберілгені мәлім болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: