Алматы тауларына қар жауды

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2022 19:36 Сурет: видеодан алынды
19 қазанда Алматы таулары аппақ жамылғыға оранды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Шымбұлақ" тау шаңғысы курортында бүгін кешке қарай қар жауды.

3200. Ең биік мұнара (Самая вышка).

Сурет: видеодан алынды

Талғардың сол жағы.

Сурет: видеодан алынды

Әлеуметтік желі қолданушылары тауға түскен қардың видеоларымен жаппай бөлісіп жатыр.

17 қазанда қалада жылу берілді. 18 қазаннан бастап Алматыда ауа-райы жауын-шашынды.

Синоптиктер қаладағы ауа райының үш күнге арналған болжамын ұсынды.

20 қазан - ауа райы құбылмалы, аспанды бұлт басады, түнде жаңбыр жауады. Соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Түнде ауа райы +3-5, күндіз 12-14 градус жылы.

21 қазан - күн бұлтты, ауа райы жауын-шашынсыз. Соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Түнде ауа температурасы 5-7, күндіз 17-19 градус жылы болады.

22 қазан - күн бұлтты, ауа райы жауын-шашынсыз. Соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Түнде ауа температурасы 8-10, күндіз 21-23 градус жылы болады деп күтіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: