Жаңалықтар тізбегі
0

Ел азаматтары желідегі Республика күніне арналған челленджді жаппай қолдай кетті

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2022 22:36 Сурет: Facebook/Нургуль Маханбаева
Болашақ бағдарламасының стипендианты, АҚШ-та, Калифорния университетінде оқып жатқан жерлесіміз Нүргүл Маханбаева желіде Республика күніне орай челендж ұйымдастырып, оны барша Қазақстан азаматтары қолдай кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл арадағы басты талап - еліміздің туын ұстап, түскен суретіңді желіде жариялау.

Бүгін мен барша қазақстандықтарды келе жатқан мереке – Республика күнімен құттықтағым келеді! Неліктен ерте деп сұрайсыз? Себебі мен челленджді бастап – барша қазақстандықтарды - әлемнің кез келген жеріндегі, кез келген әлеуметтік желіде туымызбен бірге түскен суретті жариялауды шақырамын! Фотосуреттерді жариялағанда міндетті түрде #Bolashaq_Republic_Day #bolashaqkz #МеніңТуым #МеніңБолашағым хэштегтерін қолданыңыз.Әдемі туымызды көрсетіп, ол әлемнің кез келген жерінде танылсын. Нүргүл Маханбаева

Сондай-ақ ол шетелдегі үздік университеттерде білім алуға мүмкіндік берген мемлекетімізге шын жүректен алғыс айтты.

Әрине, шетелде болған немесе шетелде жүрген әрбір адам өз елін бағалай бастайтынын, ата-бабамыздан мұра болып қалған үлкен аумақты (оны ешқашан ұмытпау және бағалау керек) мақтанышпен сезіне бастайтынын атап өткім келеді. Елімізде қалыптасқан жағдайды бағалап, елімізді дамыту туралы ойлануымыз керек. Барлық Болашақ стипендиаттары осындай ойлармен өмір сүріп, оқып, армандайтындарына мен сенемін. Шетелде үздік университеттерде білім алуға мүмкіндік берген мемлекетімізге шын жүректен алғыс айтамын. Мыңдаған қазақстандықтар үшін шетелдік тәжірибені зерделеуге, зерттеу жүргізуге, сапалы білім алуға бұл тамаша мүмкіндік! Сондықтан мен баршаңызды өзіне сенуге, байқауға қатысуға, білім алуға және қоғамға, елге пайдалы болуға шақырамын! Нүргүл Маханбаева

Қазақстандықтар бұл ұсынысқа жауап қатып, әлеуметтік желіде мереке қарсаңында құттықтаумен қатар фотосуреттерін де белсенді түрде жариялап жатыр.

Олардың арасында спортшылар да, жанкүйерлер де бар.

Қазіргі уақытта шетелде жүрген отандастарымыз да бұл ұсынысты қуана қолдап, желіде суреттер жариялап жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: