Жаңалықтар тізбегі
0

Балалардың тілі неге кеш шығады-маман жауабы

Балалар неге кеш сөйлейді, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2022 09:50 Сурет: pexels
Баланың сөйлеуінің дамуы энцефалит, менингит сынды жұқпалы аурулардан, иммунитетті әлсірететін ұзақмерзімді аурулар себебінен кешігуі мүмкін.

Тұқым қуалайтын факторлар да кездеседі. Бұл туралы Алматы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте психолог-дефектолог Әсел Сағадатова айтты деп хабарлады turkystan.kz.

Баланың тілі кеш шығуының себебі, отбасында қарым-қатынас мәдениеті қалыптаспаған жағдайда болуы мүмкін. Сондай-ақ, педагогикалық немқұрайлылық, немесе бала жиі ұрыс-керістерді байқаса немесе ата-анасы оған айқайласа, онда ол стресске ұшырайды, бұл сөйлеудің дамуын тежеуі мүмкін.Әсел Сағадатова

Сондай-ақ балаға шамадан тыс қамқорлық көрсету де бала тілінің кеш шығуына әкелуі мүмкін.

Логопед, дефектолог, психолог Злата Салкина соңғы уақытта ата-аналар түзету орталықтары мен кеңселеріне жиі көмек сұрап келе бастағанын айтты.

Бала сөйлеуінің кешеуілдеу диагнозын бала айғайламаса және үнсіз жүргенінен байқауға болады. Егер ешқандай дыбыс шығармаса, уілдемесе, оған назар аудару керек. Көбінесе ата-аналар бізге 3 жылдан кейін жүгінеді. Злата Салкина

Мамандар ұлдардың қыздарға қарағанда кеш сөйлейтінін растады. Дегенмен, бұған ғылыми дәлелдер жоқ. Злата Салкина балалардың сөйлеуін дамытуда әдіс-тәсілдер кешені қолданылатынын айтты.

«Біріншіден, бұл тәртіп, үздіксіз оқу. Екіншіден, есте сақтау, ойлау, зейінді дамыту, үшіншіден, балаларды спортқа бағыттау. Әдістер баланың диагнозына байланысты жеке құрастырылады. Кез келген маман бір апта ішінде «сөйлеу негативизмдегі» баланы сөйлете алады, ал егер бұл медициналық бұзылуларға қатысты болса, логопедтер невропатологтармен жұмыс істейді. Ал бұл жұмыс тіпті жылдарға созылуы мүмкін», – деді ол.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: