Жаңадан құрылған екі облыстың әкімдіктеріне 13 автокөлік табыс етілді

Ұлытау облысы, Абай облысы, ҚР президентінің іс басқарамсы, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2022 15:36 Сурет: Instagram/ulytauregion
ҚР Президентінің іс басқармасы жаңа екі облыстың әкімдіктеріне 13 көлік табыс етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңадан құрылған Абай және Ұлытау облыстарының әкімдері ҚР Президентінің іс басқармасына көлікпен қамтамасыз етуге және автокөліктерді коммуналдық меншікке беруге көмек көрсету туралы өтінішпен жүгінді.

Қазақстан Республикасы Президентінің іс басқармасы облыстардың сұранысын қолдап, өтініштер негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және мемлекеттік мүлікті қабылдау-тапсыру актісімен екі облыстың коммуналдық меншігіне 2008-2012 жылғы 13 Mercedes-Benz пен Skoda автокөліктері берілді: Ұлытау облысына – 8 көлік, Абай облысына – 5 көлік.ҚР Президенті іс басқармасының баспасөз қызметі

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің іс басқармасы Қазақстанда құрастырылған көліктерді қосымша бөлу арқылы жаңа өңірлерге қолдау көрсету мүмкіндігін қарастырып жатқаны мәлім болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: