Қазақстан Ресейден келетін газ ақысын қай валютамен төлеуі мүмкін
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі басшысының сөзінше, ЕАЭО аясында газ, мұнай, мұнай өнімдері мен электр энергетикасы үшін ортақ нарықтарды құру мәселесі талқыланып жатыр.
Ортақ газ нарықтары туралы келісім – әзірге қол қойылған құжат жоқ, келіссөздер жүріп жатыр. Кеше және бірнеше күн бұрын келіссөздер болды. Болат Ақшолақов
Бұл ретте, министрдің айтуынша, ресейлік тараптың ұсыныстарының бірі барлық төлемдер рубльмен жүргізілетінін анықтау болды.
Біз бұл опция келісімге қатысушы тараптардың таңдауында болуы керек деген ұстанымда болдық. Бұл екіжақты келісімдердің коммерциялық шарты болуы керек. Біреу газ сатып алса, ол кез келген валютаны таңдай алады – бұл валюталарды таңдау еркіндігі.Болат Ақшолақов
Ол, негізінде ешқандай шектеулер жоқ екенін және бұл кез келген ұлттық валюта болуы мүмкін екенін айтты.
Біздің ойымызша, газды сатып алу-сату бойынша екіжақты шарттар жасасқанда таңдау құқығы болуы керек. Болат Ақшолақов
2022 жылғы 1 сәуірде Ресей президенті Владимир Путин «Шетелдік сатып алушылардың ресейлік табиғи газ жеткізушілері алдындағы міндеттемелерді орындауының ерекше тәртібі туралы» жарлыққа қол қойды, соған сәйкес сыртқы экономикалық әрекеттің табиғи газды газ күйінде экспорттауға айрықша құқығы бар резидент қатысушылары табиғи газды жеткізу қызметінің төлемін рубльмен жүргізу керектігі айқындалған.
13 қазанда Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Қожошев Ресейдің энергетикалық апталығы аясында ЕАЭО елдерінің барлығы дерлік газды рубльмен төлеуге келісім бергенін, ал Қазақстан әлі де болса газды төлеу мәселесін қарастырып жатқанын хабарлады.