Жексенбіде елімізде қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болатыны болжанды
Астанада күндіз көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысының солтүстігінде түнде қалың қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған бұрқасын, көктайғақ, тұман болады.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының орталығында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман болады.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, таулы аймақтарында қатты жауын-шашын болады (жаңбыр, қарға ауысады).
Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.
Қарағанды облысының солтүстігінде баяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел түнде солтүстік-батысқа ауысады.
23 қазанда түнде Ұлытау облысының орталығында, солтүстігінде солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады. Жезқазғанда түнде солтүстік-батыстан екпіні 18 м/с жел соғады. Қызылорда облысында түнде облыс орталығында солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с сақталады.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, түнде және таңертең шығысында тұман болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел түнде орталықта оңтүстік-шығысқа ауысады. Ақтөбеде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Абай ауданының орталығында оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с болады. Семейде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында көктайғақ, бұрқасын болады. Солтүстікте оңтүстік-батыстан соғатын жел облыстың шығысында 15-20, екпіні 25 м/с. Өскеменде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман болады. Оралда түнде және таңертең тұман болады.
Жетісу облысының таулы аймақтарында таңертең және күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.
Павлодар облысының солтүстігінде түнде көктайғақ болады.
Қостанай облысының солтүстігі мен батысында тұман, көктайғақ болады.
Түркістан облысының таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел түнде және таңертең солтүстікте, батыста, облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында 15-20, таулы асуларда екпіні 25 м/с. Шымкентте түнде солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с. Түркістанда түнде солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде түнде қар жауады, облыстың оңтүстік-шығысында қалың қар жауады. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында аздаған бұрқасын, көктайғақ болады.