Қазақстанның оңтүстігі мен батысында жауын-шашынды ауа райы сақталады

Ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2022 11:07 Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" синоптиктері Қазақстанда 24 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райы батыстан ойысып жеткен антициклонға байланысты қалыптасады, алда жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі.

Еліміздің батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтары фронтальды бөліктердің ықпалында болады. Осыған байланысты бұл өңірлерде жаңбыр жауады деп күтіледі.

Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады деп болжанады.

Республикамыз бойынша кей өңірлерде жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақтың орын алатыны ескертілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: