Маңғыстау облысында "жасыл" сутегін өндіру мен бөлу орталығы құрылады

Жаңартылатын энергия мен «жасыл» сутегін өндіру мен бөлу орталығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2022 13:09 Сурет: akorda.kz
27 қазан күні "Маңғыстау облысында орналасатын Жаңартылатын энергия мен "жасыл" сутегін өндіру мен бөлу орталығын құру" жобасы бойынша инвестициялар туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың Telegram арнасының жазуынша, Еуропалық кеңестің президенті Шарль Мишельдің Қазақстанға ресми сапары аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "ХАЙРЭЙЖА УАН" компаниясы арасындағы "Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысында орналасатын Жаңартылатын энергия мен "жасыл" сутегін өндіру мен бөлу орталығын құру" жобасы бойынша инвестициялар туралы келісімге қол қойылды.

27 қазан күні Еуропалық кеңестің президенті Шарль Мишель Қазақстанға ресми сапармен келді. Сапар аясында Еуропалық Кеңес президентінің Орталық Азия мемлекеттері басшыларымен кездесуі, сондай-ақ бірқатар екіжақты келіссөздер жоспарланған.

Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропалық Кеңес президенті Шарль Мишельге Маңғыстау облысында "жасыл" сутегін өндіру және тарату орталығын құру жобасы таныстырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: