Жұмада еліміздің бірқатар өңірінде тұман, көктайғақ, қатты жел болады деп болжанады

Қолайсыз ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2022 19:24 Сурет: pixabay
Синоптиктер 28 қазанда Қазақстанның жеті облысында ауа райының күрт өзгеруіне байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде соққан желдің екпіні 20 м/с жетеді.

28 қазанда түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман болады деп болжанады. Таулы аудандарда шығыстан соққан желдің екпіні 20 м/с құрайды.

Қызылорда облысында шығыстан жел соғады, күндіз облыс орталығында соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

28 қазанда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз батыстан, түнде облыстың шығысында оңтүстік-батыс. Күндіз облыстың шығысында солтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Күндіз Петропавлда батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды деп болжанады.

28 қазанда түнде Абай облысының солтүстігінде, батысында және орталығында тұман, көктайғақ болады, боран соғады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа қарай ойыса жел соғады. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. "Қазгидромет" РМК

28 қазанда түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Алакөл ауданында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с дейін жетеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: