29 қазанда еліміздің үш өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қолайсыз ауа райына байланысты ескерту, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2022 19:33 Сурет: Zakon.kz
29 қазанда еліміздің үш облысында ауа райының күрт өзгеруіне байланысты ескерту жарияланды. "Қазгидромет" РМК тұман түсіп, көктайғақ болатынын әрі боран соғатынын болжайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Орал қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ болады, боран соғады деп болжанады.

Түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Алакөл ауданында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с құрайды.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның батысында, оңтүстігінде және шығысында 29 қазанда жаңбыр жауады. Еліміздің басым бөлігінде Солтүстік-Батыс антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: