Жаңалықтар тізбегі
0

Былтыр 1 мыңнан астам ғалым мен зерттеуші ғылым жолынан кеткен

Ғылымнан ғалымдар кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2022 11:14 Сурет: Zakon.kz
Ұлттық статистика бюросы осы аптада жариялаған «Бір ғылым» атты жыл сайынғы есептің қорытындысына сәйкес былтыр «Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстармен» айналысатын мамандардың саны 21 617 болған, бұл 2020 жылғы көрсеткіштен, шамамен 5 пайыз кем.

Соңғы бес жылдағы динамикаға қарағанда зерттеу жобасымен айналысатын ғалым саны бұлай күрт азаймаған, деп жазады qazaqstan.tv.

Ғылыми зерттеулермен айналысатын мамандардың азаюы ғылыми зерттеулердің азаюымен байланысты осы салаға берілетін гранттардың азаюымен байланысты, сонымен қатар қандай да бір жобадағы адамдар санының азаюымен байланысты болып отыр. Егер бір жобада бұрын 10 адам жұмыс істесе, дәл сол жобаны жалғастыру үшін мүмкін келесі жылы 5 адам ғана жұмылдырылды. Жазира Маратқызы, ҚР СЖРА ұлттық статистика бюросының баспасөз хатшысы

Осы ақпаратты жариялаған kursiv.media сайты әртүрлі ғылыми ұйымдардың кадрлық құрылымына Data-анализ жасап, ғалымдар бір ұйымнан екіншісіне ауыспағанын, демек олар жалпы ғылым жолынан кеткенін жазады. Басылымның тұжырымына сәйкес, еңбек нарығына ғылымдағы табыс деңгейі әсер етуі мүмкін. Мәселен, жоғары оқу орындарындағы ғалымдардың орташа айлық еңбекақысы былтыр 253 мың тг болыпты, ал ғылыми жобамен айналысатын ізденушілердің айлығы 281 мың тг болған. Бұл өндіріс пен қаржы саласындағы мамандардың жалақысынан азырақ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: