Полицейлер тікұшақпен браконьердің ізіне түсті
Сурет: Zakon.kz
3 қарашада Қарағанды облысында моторлы қайық мінген браконьер тікұшақтағы полицейден қашпақ болды. Полицейлер оның ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның баспасөз қызметі 3 қарашада табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері тікұшақпен Балқаш көлінің балық аулайтын жерлерінің үстінен ұшып өткенін нақтылады. Шұбар – Түбек ауылының маңында олар моторлы қайықты байқайды, иесі полицейлерден жасырынбақ болған.
Қайықты тексеру барысында 84 келі балық пен ұзындығы 400 метрлік ау табылды.
Полиция өкілдерінің мәліметінше, келтірілген шығын көлемі 417 мың теңге болды.
Сондай-ақ олар ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы "Балық ресурстарын, өзге де су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатқанын хабарлады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript