Жаңалықтар тізбегі
0

Президент Маңғыстау облысында круиз туризмін дамытуды тапсырды

Маңғыстау облысы, Каспий, ҚР президенті, туризм, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2022 13:58 Сурет: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында туризмді дамыту қажет екенін айтып, үкімет пен әкімдікке бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазір бүкіл әлемде туризм экономиканың маңызды саласына айналды. Біз де еліміздің туризм индустриясын дамытуға баса мән беріп отырмыз. Бұл ретте, Маңғыстаудың алатын орны айрықша. Оның ең ұтымды тұсы – Каспий теңізінің жағасында орналасуы. Соның арқасында жағажай туризмін дамытуға мол мүмкіндік бар. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Ақтауда іске асырылып жатқан "Жылы жағажай" инфрақұрылымды дамыту жобасы аяқталып келе жатқанын айтқан Президент үкіметке туризм саласындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

Мемлекет басшысы круиз туризмін дамытуды қолға алу керек екенін айтты.

Жалпы, Маңғыстау көптеген киелі орындарымен әйгілі. Бекет ата, Шопан ата, Шақпақ ата жер асты мешіттерін ерекше атап өтуге болады. Мұндай бірегей нысандар дүние жүзінде де бірен-саран. Тарихи-мәдени қорықтар мен музейлерге де баса мән берген жөн. Қасым-Жомарт Тоқаев

Осы орайда Президент төл мәдениетімізде ерекше орны бар Мұрын жыраудың және Серікбол Қондыбайдың мұражайы назардан тыс қалмауы керек екенін ескертті.

"Арғықазақ мифологиясы" атты төрт томдық іргелі жұмыстың авторы Серікбол Қондыбай артына орасан зор ғылыми мұра қалдырды. Оның еңбектері ұлттық деңгейде дәріптелуі керек деп санаймын. Тарас Шевченконың мемориалды музейі де – шетелдік туристердің қызығушылығын туғызатын нысан.Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы Үстірт, әсіресе Бозжыра мен Шарқала – экологиялық туризм үшін таптырмас мекен.

Жалпы, өңірлік туризмді дамыту қысқа уақытта жаңа жұмыс орындарын ашуға, салық түсімін арттыруға, инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді. Бұл – әлемдік тәжірибе. Көбіне оны бизнестің өзі іске асырады. Жергілікті билік тек оларға кедергі болмай, жағдай жасауға тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев

Маңғыстаудың өсімдік және жануарлар әлемі де ерекше. Каспий итбалығы мен қызғылт қоқиқаздар осы өңірдің символына айналды. "Сондықтан, туризмді дамытумен бірге, біз өңірдің аң-құсын және экожүйесіндегі тепе-теңдікті сақтау мәселесін айрықша назарда ұстауымыз керек", – деді Президент.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: